Қабылдау ережесі

«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК 2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдаудың Қағидалары

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
1114000 «Пісіру ісі» (түрлері бойынша)»
1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»

1- тарау Жалпы ережелер

1. «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 қарашада жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Мынадай редакциядағы 3-тараумен толықтырылсын:

2-тарау. Республика аумағында халықтың ауруларының алдын алуды және емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты адамдардың жаппай жиналуына қатысты шектеу шаралары енгізілген жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі:

– Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін қабылдау емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде 1 маусымнан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады, ол мүшелерінің тақ санынан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтары, студенттік өзін-өзі басқару органдарының, ата-аналар қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан мүшелердің көпшілік дауысымен төраға сайланады.
Қабылдау комиссиясының жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясының шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Қабылдау комиссиясының шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген Білім туралы құжатқа сәйкес орта конкурстық балды көрсете отырып, талапкерлердің тізімдік құрамын және білім туралы құжатқа сәйкес орта конкурстық балды көрсете отырып, қабылдау квотасы көзделген талапкерлердің тізімдік құрамын қалыптастырады.
Қабылдау комиссиясы талапкерлердің тізімдік құрамын орта конкурстық балды және қабылдау квотасы көзделген тұлғалар санатын көрсете отырып, білім беру ұйымының сайтына орналастырады және оның күн сайын жаңартылуын қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарына оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау:

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 27 тамызына дейін;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 27 тамызына дейін.
– Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
– Шалғайдағы елді мекендерде тұратын адамдардың өтініштерін қабылдау үшін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ұтқыр қабылдау комиссиясын ұйымдастырады.
– Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
– Білім беру ұйымдарына оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
– Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Қағидалардың 9, 9-1, 9-2, 9-3, 9-4-тармақтарына сәйкес портал арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.
– Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес орташа конкурстық балл бойынша өткізіледі. Орташа конкурстық балл Білім туралы құжаттың бағалары мен балдарынан қалыптастырылады:
негізгі орта білімі бар (негізгі жалпы) түсушілер үшін-үш пән бойынша: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша;
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімді түсушілер үшін – төрт пән бойынша (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша екі пән);
Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясы бейне-конференц-байланыс жүйесі арқылы талапкерлермен әңгімелесу өткізеді.
Абитуриенттер қабылдау комиссиясының талабы бойынша бейнді мамандардың медициналық анықтамаларын ұсынады;
негізгі орта білімі (негізгі жалпы), жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар,
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар қабылдау комиссиясының талаптарына сәйкес қабылданады.
Қабылдау комиссиясының техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау туралы шешімі білім беру ұйымының сайтында орналастырылады.
– Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
– Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнайы емтихандардың нәтижелерін бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы 26,27,28-тармақтарға сәйкес жүзеге асырылады.
– Орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжатына сәйкес орташа конкурстық балға сәйкес жүргізіледі:
– күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 20-31 тамызы аралығында;
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау:
– күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды, әңгімелесу нәтижелерін ескере отырып, іріктеу негізінде;
– Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ п/п ___ Организации технического и профессионального, послесреднего образования (далее – услугодатель)
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
2) “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін:
күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығы;
сырттай (кешкі) оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;
өнер және мәдениет мамандықтары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығы;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығы, оқудың кешкі нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
4) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
4 Көрсету нысаны электрондық/қағаз түрінде
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қолхат беру.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
7 Жұмыс кестесі қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
8 Құжаттардың тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). удос
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 нөмірімен тіркелген) бекітілген № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) 3×4 см көлеміндегі фотосурет;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар 1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады;
2) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы “жеке кабинеті”, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы “1414”, 8 800 080 7777 арқылы алады.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Биссариева Е.Ж