Жалпы ақпарат

«АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
«КӘСІПТІК ОҚУДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

«Алматы облысы»

Кіріспе

“Алматы облысының Білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің ” Кәсіптік оқытудағы көпсалалы колледжі” МКҚК қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, Алматы облысының Әділет департаментімен Қарасай аудандық Әділет басқармасымен (мем. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 07.10.2013 жылғы №13015696 мемлекеттік лицензиясы және 24.02.2015 жылғы № 177-п бұйрығы бойынша лицензияға қосымша негізінде жүзеге асырылады. Лицензия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық білім беру жүйесі шеңберінде берілді. Меншік нысаны-мемлекеттік.

2018-2019 оқу жылының басында инженерлік-педагогикалық құрамы 70 адамды құрайды. Оның ішінде: жоғары педагогикалық білімі бар – 34, жоғары техникалық білімі бар – 31, магистр – 6, арнаулы орта білімі бар – 3.
Оқытушылардың жалпы санынан жоғары санатты – 15 оқытушы, бірінші санатты – 11 оқытушы, екінші санатты – 19 оқытушы, санаты жоқ – 25 оқытушы. Жоғары және бірінші санатты штаттағы оқытушылардың үлесі 37% құрайды.

Кәсіптік оқытудағы көпсалалы колледжінде ішкі тәртіпті реттейтін құрылтай құжаттары бар, атап айтқанда:

– Алматы облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 17 шілдеде № 3287-1907-09 МК тіркелген Жарғы;
– Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама № 3287-1907-05 МК;
– БСН 961240000850, Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай аудандық Әділет басқармасында 17.07.2013 жылы берілген;
– Меншік иесі (құқық иеленуші) туралы 04.05.2014 ж. № 002040989105 мәлімет. ;
– Кадастрлық нөмірі: 03:047:154:156; 03:047:154:156:1, Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай аудандық Әділет басқармасымен берілген;
– 07.11.2013 жылғы № 13017412 медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия, лицензиар-Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы;

Колледж өз жұмысында келесі нормативтік құжаттармен реттеледі:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;
– 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ “Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»;
– “Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы»;
– «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2016 жылы 1 наурыздағы №205 бұйрығы;
– Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV “Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;
– Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексі;
– Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ЗРК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы» Заңы;
– Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы.
– Білім және ғылым жүйесінің нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да құжаттары.

Тарихи анықтама

– Қаскелең ауданы Чемолган мемлекеттік кәсіптік – техникалық училище-2 1965 жылы құрылған.
– 1972 жылы Чемолган ауылдық кәсіптік – техникалық училище-2 деп аты ауыстырылды.
– 1986 жылы Чемолган кәсіптік –техникалық училище-2
– ҚР Министрлігінің № 152 27.03.1996 ж. бұйрығына негізделіп кәсіптік –техникалық училище № 2, № 2 кәсіптік мектеп атына ауыстырылды.
– ҚР Президентінің № 4053 03.09.1998 ж. Жарлығымен Қаскелең ауданы атауы Қарасай ауданына өзгертілді.
– Алматы облыстық Білім басқармасының 13.01.2003 жылғы № 4 бұйрығына сәйкес Чемолган ауылындағы № 2 кәсіптік-техникалық мектебі Шамалған ауылындағы № 2 кәсіптік мектеп болып ауыстырылды.
– Алматы облыстық әкімінің шешімімен 2008 ж. 16 мамырдағы «Кәсіптік мектептердің атауын өзгерту туралы» № 102 бұйрығына сәйкес № 2 кәсіптік мектеп –Қарасай ауданы, Шамалған ауылы № 2 кәсіптік лицей болып өзгертілді.
– Алматы облыстық әкімінің шешімімен 2010 жылдың 8 қазанындағы № 144 бұйрығына сәйкес «Қарасай ауданы, Шамалған ауылы № 2 кәсіптік лицейі», «Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы № 2 кәсіптілік лицейі» болып өзгертілді.
– Алматы облысы әкімшілігінің 15.05.2013 жылғы № 138 шешімімен «Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы № 2 кәсіптік лицейі» «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі “Білім туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 “Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы” қаулысына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы қаласы Білім саласындағы бақылау департаментінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 485 бұйрығына сәйкес Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі 5 жылға аттестатталды. Аттестаттау білім беру қызметтерінің сәйкестігін бақылау, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес кадрлар даярлау мақсатында өткізілді.

Көпсалалы колледж 54 жыл ішінде Қазақстан Республикасы қызмет көрсету саласына 6,5 мыңнан астам мамандар дайындады.

Кәсіптік оқытудың көпсалалы колледжі “Алматы облысының білім басқармасы”мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып табылады. Оқу жалпы орта білімі бар, негізгі орта білім негізінде және орта білім беру негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту мемлекеттік қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мамандарды даярлау үшін колледжде тиісті материалдық база қолданыста:

Колледждің орналасқан жалпы көлемі 2,7 га құрайды. Оқу процесі екі оқу корпусында және өндірістік оқыту шеберханаларында жүргізіледі.

Техникалық паспорттың деректеріне сәйкес:
– Оқу – зертханалық бөлмелердің ауданы-1564, 1м2;
– Өндірістік шеберханалар – 654, 8м2;
– Жатақхана – 2496,4 м2;

1 студентке оқу алаңы бір ауысымдық оқу түрінде 5,05 м2 құрайды (01.02.2019 ж. контингент – 592 адам).Оқу корпусында оқу аудиториялары, кабинеттер мен зертханалар, кітапхана, оқу залы, акт залы, медпункт, асхана жұмыс істейді.

Колледждің оқу корпусының жағдайы санитарлық нормативтерге, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.

– Қарасай ауданының санитарлық – эпидемиологиялық қызметінің 10.04.2018 ж. №78 тексеру актісі;
– Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің тексеру нәтижелері туралы 05.03.2019 жылғы № 20-Э актісі.