10 ТАМЫЗ-АБАЙ КҮНІ

10 Август 2021

!
Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні!

🖋️ Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, философ, композитор, қоғам қайраткері, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

📚 Абай Құнанбайұлы 1845 жылдың 10 тамызында Батыс Сібір генерал-губернаторлығы Семей уезі Шыңғыс болыстығында ( қазір — Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) Тобықты руы болысының отбасында дүниеге келген. Әкесінің «Ибрахим» деп қойған есімін әжесі Зере немересін еркелетіп «Абай» деп атап кеткен, бұл «сақ, ойлампаз» дегенді білдіреді. Содан бері Абай, осы есіммен тарихқа енді.

Баршамызға ортақ Абай күні құтты болсын