Қош  келдің, әз –Наурыз !

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

01.04.2022ж  колледжімізде  Наурыз  мерекесіне  арналған «Қош  келдің,  әз –Наурыз» атты  ұлттық  салт-дәстүрімізді  насихаттау  мақсатында   мерекелік   іс-шара  өтті.  Мерекелік  іс-шарамызға  Шамалған  ауылының ақсақалдар  алқасының  төрағасы  Молдабаев  Амангелді Жебегенұлы, Шамалған  ауылындағы  мәдениет  үйінің  директоры  Калиева Шарбану Шариевна,  ауылымыздың  емханасының  бас  дәрігері   Ерлан Кеңесұлы, колледжімізде  еңбек етіп зейнетке шыққан қарт аталарымыз  бен  әжелеріміз қонаққа келіп, студенттеріміздің  дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Наурыз көжеден дәм татып,  «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші  қарттарымыз  баталарын беріп, алғыс білдірді. Сонымен қатар  арқан тарту, қол күресі,гир көтеру сияқты спорт түрлерінен жарыс өтті, жарысқа төрт ауыл қатысып, орын алған ауылдар марапатталды.

Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің  студенттері және Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастырумен   Наурыз мейрамына орай    Алматы облыстық №1 балалар үйіне барды.  «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері  тәттілер пісіріп,шағын концерттік бағдарлама дайындап, кішкентай бүлдіршіндерді қуантып қайттыү

Балалар үйіндегі балаларға көңіл мен қамқорлық жетіспейді. Бірақ дәл осы күні оларда нағыз мереке болды! Студенттердің көмегі арқасында жиналған барлық сыйлықтарды ризашылықпен балалар қуана қабылдады. Ал біздің студенттер балалардың кішкентай жүректеріне қуаныш сыйлады.

© Многопрофильный колледж профессионального обучение
Designed ERNAZ.KZ